Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық аурухана» мемлекеттік мекемесі есі дұрыс емес жағдайда қоғамдық қауіпті әрекеттерді жасаған немесе қылмыс жасағаннан кейін психикасы жазаны тағайындау немесе орындау мүмкін емес болып бұзылған тұлғаларды мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын Қазақстандағы жалғыз және ең ірі психиатриялық аурухана болып табылады. Мекемеде мәжбүрлеп емдеу сот шешімі негізінде өзінің психикалық жай-күйі мен жасаған қоғамдық қауіпті әрекетінің сипаты бойынша тұрақты және интенсивті қадағалауды талап ететін науқастарға тағайындалады.
Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ұйымдары арасында өткізілген «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты көптеген номинациялар бойынша республикалық конкурс жарияланған болатын. Байқау талаптары бойынша ЖБМҮРПА ММ туралы қазақ тілінде бейнеролик ұсынылды.
Медициналық және әлеуметтік оңалту бөлімшесінде науқастар арасында ЖБМҮРПА-ның 50 жылдық мерейтойы,7 мамыр–Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күні мерекелеріне орай ұйымдастырылған «Жігіт сұлтаны – 2022» байқауы өткізілді. Байқауға әр бөлімшеден 7 науқас қатысты.
22 сәуірде ЖБМҮРПА ММ-нің 50-жылдық мерейтойына орай мекемеде Ашық есік күні өтті. Науқастардың шығармашылық өнерлерін ата-аналары мен туыстарының назарларына ұсынатын ерекше іс-шара. Осы орайда, медициналық және әлеуметтік оңалту бөлімшесінде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап өтсек мерекелік концерт, шығармашылық көрме, оңалту аясында еңбекке баулу жұмыстары көрсетілді.