| Жаңалықтар
|  | Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ұйымдары арасында өткізілген «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты көптеген номинациялар бойынша республикалық конкурс жарияланған болатын. Байқау талаптары бойынша ЖБМҮРПА ММ туралы қазақ тілінде бейнеролик ұсынылды. |
(22.06.2022, 12:59)
|  | Медициналық және әлеуметтік оңалту бөлімшесінде науқастар арасында ЖБМҮРПА-ның 50 жылдық мерейтойы,7 мамыр–Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күні мерекелеріне орай ұйымдастырылған «Жігіт сұлтаны – 2022» байқауы өткізілді. Байқауға әр бөлімшеден 7 науқас қатысты. |
(13.05.2022, 20:49)
|  | 22 сәуірде ЖБМҮРПА ММ-нің 50-жылдық мерейтойына орай мекемеде Ашық есік күні өтті. Науқастардың шығармашылық өнерлерін ата-аналары мен туыстарының назарларына ұсынатын ерекше іс-шара. Осы орайда, медициналық және әлеуметтік оңалту бөлімшесінде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап өтсек мерекелік концерт, шығармашылық көрме, оңалту аясында еңбекке баулу жұмыстары көрсетілді. |
(03.05.2022, 13:30)
|  | Көктем – әлемді шуақты күннің жылуына бөлеп, Жер-Ананы бусандырып, гүл мен шөптің балғын кезінің бал иісін сезіндіріп, табиғаттың сұлулығына тамсандыратын ең сұлу мезгіл. |
(11.04.2022, 17:08)
|  | Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына және "Қазақстан
Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын
алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы" ҚР Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігерінің 14.03.2022 жылғы № 12 қаулысының күшіне енуіне
байланысты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Жіті
бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық
аурухана" ММ-де карантин алынды. Науқастармен кездесуге рұқсат етілді. |
(16.03.2022, 13:47)
|  | Кітап – ізгілік пен рухани байлық, кітап оқыған адамның әрдайым дүниетанымы кеңейіп, ішкі дүниесі тазаратынын білеміз. Кітап оқу – адамға өзіндік әсер етіп, оның адам болып қалыптасуында маңызды рөл атқарады. |
(17.02.2022, 15:32)
|