Қаз  Рус  Eng



Жаңалықтар


Наурыз қоржыны

 Размещено: (11.04.2022, 17:08), просмотров: 93
Көктем – әлемді шуақты күннің жылуына бөлеп, Жер-Ананы бусандырып, гүл мен шөптің балғын кезінің бал иісін сезіндіріп, табиғаттың сұлулығына тамсандыратын ең сұлу мезгіл. Жадыраған көктемнің шуақты күндерін ала келетін Наурыз – жыл басы! Бірліктің, ынтымақтың, ырыс пен берекенің белгісі.

Наурыз айының бірінші күні жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні. Бұл күн өте өзгеше күн, сондықтан адамдар бір-біріне мейірімділік танытып, жақындарына өз алғыстарын білдіреді. Алғыс айту күні - бірлік пен достықтың жарқын мерекесі.

22-наурыз Ұлыстың ұлы күні – барша қазақстандықтардың ұлттық мейрамы. Осы орайда ЖБМҮРПА мемлекеттік мекемесінің 50 жылдық мерейтойына орай, аурухананың дәстүріне айналған «Наурыз қоржыны» акциясы өткізілді. Ұжымдағы  көп балалы 80 отбасыға  Наурыз көже жасауға арналған азық-түлік себеттерін табыс етілді.

Бәріңізді Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Дендеріңізге амандық-саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, отбасыларыңызға ырыс пен ынтымақ  тілейміз!

   





     
 
 
ТОО "Электронный город"  2017 г.