Қаз  Рус  Eng



Жаңалықтар


ЖБМҮРПА-дағы Ашық есік күні.

 Размещено: (03.05.2022, 13:30), просмотров: 67
22 сәуірде ЖБМҮРПА ММ-нің 50-жылдық мерейтойына орай мекемеде Ашық есік күні өтті. Науқастардың шығармашылық өнерлерін ата-аналары мен туыстарының назарларына ұсынатын ерекше іс-шара. Осы орайда, медициналық және әлеуметтік оңалту бөлімшесінде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап өтсек мерекелік концерт, шығармашылық көрме, оңалту аясында еңбекке баулу жұмыстары көрсетілді. Ашық есік күніне арналған мерекелік концертте әсерлі әндер шырқалып, шығармашылық үйірмеге қатысушылардың соңғы жұмыстарынан кішігірім көрме туыстарының назарына ұсынылды. Науқастардың көрсеткен өнерлері ата-аналар мен туыстарының жүректеріне жетіп, тебірентіп, толқытты. Бұл іс-шара науқастардың көңіл-күйін көтеріп, психикалық сауығуына деген бір қадам болды. Іс-шараның мақсаты науқастар мен туыстар арасындағы жылы қарым-қатынас орната отырып, науқастардың ашылмаған қырларын жан-жақты көрсету. Ән айту, би, домбыра үйірмелеріне қатысып, таланттары ашылды. Осының бәрін көріп, туыстары шын жүректен қуанып, барлығы өз ризашылығы мен алғысын білдірді. Осындай іс-шара пациенттерге өз күшіне сенуге мүмкіндік береді...




     
 
 
ТОО "Электронный город"  2017 г.