Қаз  Рус  Eng



Жаңалықтар


«Жігіт сұлтаны – 2022»

 Размещено: (13.05.2022, 20:49), просмотров: 233
Жігіттің жақсысы:
Дұрыс сөзге тоқтай білген,
Басқаны сөзіне тоқтата білген.

Медициналық және әлеуметтік оңалту бөлімшесінде науқастар арасында ЖБМҮРПА-ның 50 жылдық мерейтойы,7 мамыр–Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күні мерекелеріне орай ұйымдастырылған «Жігіт сұлтаны – 2022» байқауы өткізілді. Байқауға әр бөлімшеден 7 науқас қатысты.
Байқау «Таныстырсам тегімді», «Жігітке жеті өнер де аз, жетпіс өнер көп емес», «Білімді жүзден озар» интеллектуалды сайыстан, «Қара жорға» би сайысынан, «Күш атасын танымас» спорттық сайыстан, «Шебердің қолы ортақ» үй тапсырмасынан тұрды.
7 сайыскер таныстыруларына өздері шығарған әсерлі өлеңдерімен өздерін таныстырып өтті. Өз өнерлеріне әндері мен өздері шығарған өлең жолдары оқылды.  Интеллектуалды сайыста Қазақстанның батырлары, спорты мен өнері және салт дәстүрге байланысты сұрақ-жауап дайындалды. Би сайысында «Қара жорға» биінің қимылдарын көрсетті. Спорттық сайысқа науқастардың денсаулықтарына байланысты басқа спорт түрлеріне рұқсат болмағандықтан, жарысқа  қазақтың ұлттық ойыны асық пен дойбы ойыны таңдап алынды. Жарыс өте қызықты және тартысты өтті.
Сайыстың соңғы кезеңі бойынша қол өнерлеріне өзі айналысатын сүйікті ісінің туындысын көрмеге қойып таныстырды.
Сайыстың барлық кезеңдері өте қызықты болып науқастардың қызығушылықтары арта түсті.
Сайыскерлер өте жақсы көңіл күйде, қызығушылықпен қатысып өз өнерлерін ортаға салды.
 «Жігіт сұлтаны – 2022» атағын қатысушылардың бірі алып, басқалары белсене қатысқандары үшін грамотамен марапатталды.
Қатысушылар оңалту бөлімшесінде өз денсаулықтарын қалыпқа келтіруге, өздерін жақсы сезінетіндіктерін, шығармашылық жұмыстарының жетілуіне, өздеріне деген сенімділіктерінің артатынын және медициналық-әлеуметтік оңалту бөлімшесі ұжымының мәдениеттілігі мен өздеріне деген қарым-қатынастарына алғыстарын білдірді.

   





     
 
 
ТОО "Электронный город"  2017 г.