Қаз  Рус  Eng



Жаңалықтар


Мемлекеттік тіл – менің тілім

 Размещено: (22.06.2022, 12:59), просмотров: 13
Анамыздың ақ сүтімен бойымызға
дарыған ана тілімзді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды,
бар тарихымызды ұмыту.
Бауыржан Момышүлы

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру аясында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ұйымдары арасында өткізілген «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты көптеген номинациялар бойынша республикалық конкурс жарияланған болатын. Байқау талаптары бойынша ЖБМҮРПА ММ туралы қазақ тілінде бейнеролик ұсынылды.

Конкурс нәтижесі бойынша «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» ұйымдастырған «Мемлекеттік тіл: жаңа ақпарат және озық тәжірибе» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференция өткізілді. Сол конференцияда ҚР ДСМ «Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық аурухана» мемлекеттік мекемесі «Үздік медициналық ұйым» номинациясы бойынша ІІ дәрежелі орынға ие болды. Бұл сыйлық ұйымда мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруды жан-жақты, барша ынталарымен орындап жүрген, сондай-ақ, қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрін кеңінен насихаттай білген ұйымдарға және осы жұмысты дұрыс жолға қойған тіл мамандарына берілді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау мекемелері арасында ұйымдастырылған «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты республикалық конкурсқа қатысып, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін Тілдерді дамыту бойынша Үйлестіру кеңесінің төрайымы, медициналық және әлеуметтік оңалту бөлімшесінің меңгерушісі, қазақ тілі маманы Жанабаева Асем Алибековна Алғыс хатпен марапатталды.

ЖБМҮРПА мекемесінде мемлекеттік тілдің мәртебесін асырып, оның қолданыс аясын кеңейтуге қомақты үлес қосу, қазақ тілінің деңгейін көтеру – біздің басты мақсатымыз.

 
 





     
 
 
ТОО "Электронный город"  2017 г.