Қаз  Рус  Eng



Жаңалықтар


Мекемеге – 50 жыл!

 Размещено: (05.07.2022, 23:55), просмотров: 167
2022 жыл – аурухана үшін мерейтойлық жыл. 1972 жылы ЖБМҮРПА мемлекеттік мекемесі құрылды. Сол уақыттан бері 50 жыл өтті... Әлем үшін – бір сәт, ал игі істер мен жетістіктер үшін – бүтін бір дәуір. Аурухананың мерейтойы – бұл әр қызметкердің мерейтойы.

Медицина қызметкерлері күні мен аурухананың 50 жылдығы қарсаңында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Іс-шараға психиатрия корифейлері, психикалық денсаулықты дамытуға баға жетпес үлес қосқан мекеме ардагерлері – Назаренко Лидия Павловна, Нуркатов Марат Нуркатович, Нуркатова Гүлжібек Зиидиновна, Сахабаева Шолпан Алиакбаровна шақырылды. Сондай-ақ, мерекенің қонақтары әділет майоры Шаяхметов Рауан Нұртазаевичтің басшылығымен Алматы қаласы бойынша ҚАЖД күзет бөлімінің қызметкерлері болды.

«Бір командада жұмыс істеу, бүкіл өмірін сүйікті ісіне арнау». Осы қағидаға сәйкес біздің аурухана жұмыс жасауда. Ұзақ жылдар бойы мұнда тамаша ұжым қалыптасты. Көп жылдарын игілікті еңбекке арнаған қызметкерлер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медальдарымен және грамоталарымен марапатталды. ЖБМҮРПА ММ-де елу жыл қызмет еткен медициналық жұмыс жөніндегі басшының орынбасары Зоя Александровна Яковенко мен электр цехының басшысы Василий Петрович Железняков ҚР ДСМ құрмет грамоталарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Аурухана қызметкерлері ұйымдастырған концерт бір деммен өтті. Аққулар биі, қазақ биі, вальс, заманауи әндер көрермендердің жүрегінен орын алды.

Барлық қызметкерлерді ЖБМҮРПА 50 жылдығымен және медицина қызметкерлері күнімен құттықтаймыз! Баршаңызға зор денсаулық, отбастарыңызға амандық тілейміз!













     
 
 
ТОО "Электронный город"  2017 г.