Қаз  Рус  Eng



Тарих


       ҚР ДСМ «ЖБМҮРПА» ММ- есі дұрыс емес жағдайда қоғамдық қауіпті әрекеттер жасаған немесе қылмыс жасағаннан кейін психикалық бұзылулар пайда болған адамдарды мәжбүрлеп емдеуді жүзеге асыратын жалғыз және ірі психиатриялық ұйым. Мекемеде мәжбүрлеп емдеу өзінің психикалық жағдайы мен жасаған қоғамға қауіпті әрекетінің сипаты бойынша тұрақты және қарқынды бақылауды талап ететін науқастарға сот шешімі бойынша тағайындалады.

   

Аурухана 1972 жылы құрылып, Қазақ КСР ІІМ ведомствосында болды. 1988 жылы Денсаулық сақтау министрлігіне ауыстырылды. 

        Мекеме Алматы облысы, Талғар ауданы, Ақтас ауылында (Алматыдан 35 км, Талғар аудан орталығынан 15 км қашықтықта) орналасқан. 

Мекеме қызметінің мақсаты пациенттердің әлеуметтік қауіптілігін төмендету, оларды қоғамда әлеуметтендіру болып табылады. 

Мекеме қызметінің міндеттері: 

•психикалық науқастарды емдеу 

• олардың психикалық жағдайын жақсарту, олардың жаңа әрекеттер жасауының алдын алу. 

• пациенттерді оңалту 

Төсек қуаты: 860 төсек. 

Қызметкерлер штаты бойынша: 750 бірлік 

       Нысанды күзету Ішкі істер министрлігінің  Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің департаменті күзет және қадағалау бөлімі қызметкерлерінің күшімен жүзеге асырылады. 

        Бөлімшелер бейіні: қабылдау-диагностикалық, жалпы психиатриялық, аса әлеуметтік қауіпті науқастарға арналған интенсивті терапия бөлімшесі, соматикалық аурулары бар науқастарға арналған, психотуберкулездік, мамандандырылған үлгідегі бөлімше. 

        Мекеме мемлекеттік лицензия, Жарғы негізінде медициналық қызметтің мынадай түрлерін жүзеге асырады: 

• дәрігерге дейінгі медициналық көмек; 

• мамандандырылған стационарлық медициналық көмек (психиатриялық, фтизиатриялық); 

• 12 мамандық бойынша мамандандырылған консультациялық-диагностикалық медициналық көмек; 

• медициналық-әлеуметтік көмек; 

Мекеме пациенттерге арнайы әлеуметтік қызметтер (Әлеуметтік-психологиялық көмек, әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-құқықтық көмек) көрсетеді, сондай-ақ диагностиканы (зертханалық, сәулелік, функционалдық, эндоскопиялық, паталогоанатомиялық) жүзеге асырады. 

       Пациенттерге медициналық көмек медициналық, әлеуметтік оңалту және қалпына келтіру емі бағдарламалары арқылы психиатриялық көмектің заманауи биопсихоәлеуметтік моделін пайдалана отырып көрсетіледі.


     
 
 
ТОО "Электронный город"  2017 г.